Пресс-орталық

Клиенттерге қызмет көрсету департаментінің маманы

Лауазымдық міндеттері:

  • Шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысулар және корпоративтік әрекеттер мәселелері бойынша клиенттерге кеңес беру.
  • Номиналды ұстаудағы клиенттердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу.
  • Шот ашу және активтерді инвестициялау мақсатында клиенттік құжаттарды қабылдау, тексеру және тіркеу.
  • Брокерлік қызмет көрсету шарттарына сәйкес клиенттерге хаттар, хабарламалар, есептер және өзге де құжаттарды дайындау және жіберу (номиналды ұстау қызметімен немесе онсыз).
  • Шоттар, мәмілелер бойынша есеп айырысулар және корпоративтік әрекеттер бойынша клиенттерді ақпараттандыру.
  • Клиенттер бойынша ішкі құжаттаманы және ішкі есепке алу журналдарын жүргізу.
  • Корпоративтік әрекеттер туралы ақпаратты алу және оны номиналды ұстаудағы клиенттерге уақтылы жеткізу.
  • Клиенттік досьелерді, тапсырыстар мен өкімдерді қалыптастыру, сақтау және өзекті күйде ұстау.
  • Құқықтық тәуекелдерді болдырмау мақсатында брокерлік қызмет көрсету шарттары мен қосылу өтініштерін тексеру.
  • Бекітілген құжат айналымы тәртібіне сәйкес ресімделген құжаттарды орындауға қабылдау.
  • Клиенттердің дебиторлық берешегін есепке алу және бақылау, берешекті өтеу қажеттілігі туралы клиенттерді хабардар ету.

Талаптар:

  • Жоғары білім (қаржы, экономика немесе құқық саласында — артықшылық).
  • Қаржы ұйымдарында немесе бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
  • MS Office бағдарламаларын және кеңсе техникасын еркін меңгеру.
  • 1С:Кәсіпорын бағдарламасымен жұмыс тәжірибесі — артықшылық.
  • Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттейтін заңнамасын білу.
  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу.



Біз ұсынамыз:

  • кәсіби қаржы командасында жұмыс істеу;
  • бағалы қағаздар нарығындағы операциялық қызметке қатысу;
  • тұрақты жұмыс және кәсіби даму мүмкіндіктері;
  • бәсекеге қабілетті еңбекақы шарттары (әңгімелесу нәтижелері бойынша талқыланады).
Vacancy