2026 жылдың 5–6 мамырында Swissôtel Almaty қонақ үйінде Tansar Capital Investors Annual Meeting 2026 өтті. Бұл Tansar Capital компаниясының негізгі инвестициялық іс-шарасы ретінде мемлекеттің бағыты, жаһандық капиталды, институционалдық сараптаманы және Орталық Азияның болашағына қатысты стратегиялық көзқарасты бір алаңда біріктірді.
Екі күн бойы Tansar Capital алаңы мемлекеттік және реттеуші органдардың өкілдерін, халықаралық инвестициялық компаниялардың, жетекші әл-ауқатты басқарушыларын, институционалдық инвесторлардың, сондай-ақ компанияның серіктестері мен клиенттерінің басын қосты.
Биылғы конференция екі негізгі тақырыпқа арналды: Орталық Азияның институционалдық инвестиция өңірі ретінде жаңа деңгейге шығуы және әлемнің жетекші әл-ауқатты басқарушы компанияларының стратегиялары арқылы жаһандық капиталға қол жеткізу.
Конференцияның бірінші күні Орталық Азияның жаңа деңгейдегі инвестициялық өңір ретінде қалыптасу тақырыбына арналды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қаржы реттеуші органдарының және елдің негізгі нарықтық инфрақұрылымының өкілдерінің қатысуы конференцияға ерекше мәртебе берді. Спикерлер қатарында Әлібек Қуантыров, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Әсет Нүсіпов, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі,Нұржан Тұрсынханов, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары, Арлен Молдабеков, цифрлық активтер бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк өкілі, сондай-ақ Әділ Мұхамеджанов, Қазақстан қор биржасы KASE Басқармасының төрағасы болды. Мұндай жоғары деңгейдегі өкілдік бағдарламаның стратегиялық маңыздылығын айқындады. Талқылаулар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі позициясын нығайту мен сауда дәліздерін дамыту мәселелерінен бастап, капитал нарығын реформалау, цифрлық активтерді реттеу және заманауи қаржылық инфрақұрылымды қалыптастыруға дейінгі кең ауқымды қамтыды.
Бірінші күнгі пікірталастарға сондай-ақ B Capital, Sturgeon Capital, Scot Holland, QIC және Nightingale International өкілдері қатысты. Олар өңірлік талдау, институционалдық капитал және нарықтардың ұзақ мерзімді дамуы тоғысындағы бағыттарда жұмыс істейтін халықаралық инвесторлар, стратегиялық кеңесшілер және сарапшылар болып табылады.
Конференцияның екінші күні жаһандық инвестициялық стратегияларға қол жеткізу мәселесіне арналды. Hamilton Lane, Goldman Sachs, BlackRock, BitGo, Klickl және Altbridge өкілдері жеке нарықтар, макроэкономикалық орта, цифрлық активтер, оларды институционалдық деңгейде сақтау және инвестициялық үдерісте жасанды интеллектті қолдану бағыттары бойынша өз көзқарастарын ұсынды.
Конференцияның маңызды әрі жаңа бағыттарының бірі цифрлық активтер мен токенизация тақырыбы болды. Tansar Capital Investors Annual Meeting аясында алғаш рет цифрлық активтер тек тар аялы технологиялық бағыт ретінде емес, капитал нарықтарының болашақ инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде қарастырылды. BlackRock компаниясының Таяу Шығыс пен Африкадағы технологиялар және операциялық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Tony Ashraf-тың қатысуы талқылауға жаһандық институционалдық ауқым берді. BlackRock әлемдегі ең ірі инвестициялық ұйымдардың бірі және институционалдық инвесторларға цифрлық активтерге қолжетімділік ашқан негізгі нарық ойыншыларының бірі болып табылады.
Tansar Capital Investors Annual Meeting 2026 жай ғана іскерлік кездесу емес, Орталық Азияны жаһандық капиталға, кәсіби нарықтық инфрақұрылымға және ұзақ мерзімді инвестициялық серіктестікке дайын өңір ретінде талқылауға мүмкіндік берген институционалдық алаңға айналды.
Tansar Capital барлық спикерлерге, серіктестерге, клиенттерге және қонақтарға іс-шараға қатысып, Орталық Азиядағы инвестициялардың болашағына қатысты ашық, кәсіби және стратегиялық диалогты қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.