Tansar Capital Investors Annual Meeting 2025 жеке капиталдың болашағы, институционалдық деңгейдегі әл-ауқатты басқару шешімдері және Орталық Азияның жаһандық инвестициялық орталық ретінде қалыптасуының бағдарын айқындады
2025 жылғы 23 сәуірде Алматы қаласында Tansar Capital инвестициялық компаниясы ұйымдастырған Investors Annual Meeting 2025 іс-шарасы сәтті өтті. Ауқымды конференция әлемдік инвестициялық индустрияның көшбасшыларын жинап, жеке және институционалдық инвесторлар, жаһандық қорлардың топ-менеджерлері, бизнес иелері мен капиталды басқару саласының сарапшылары үшін диалог алаңына айналды.
Конференция барысында ұзақ мерзімді капитал өсімі стратегиялары, портфельдік басқарудағы инновациялар және инвестицияның жаңа бағыттары, соның ішінде Орталық Азия өңірінің инвестициялық әлеуеті талқыланды.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде стратегиялық әл-ауқатты басқару және инновациялық өнімдер таныстырылды:
Күннің екінші жартысында жеке нарықтардағы инвестициялық стратегиялар қарастырылды. Siguler Guff, B Capital және Sturgeon Capital өкілдері дамушы нарықтарға инвестициялар салу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның шарықтау сәті «Орталық Азия: Жаңа инвестициялық көкжиектердің кілті» атты панельдік сессия болды. Пікірталасқа Роджер Холланд (Scot Holland) модераторлық етті, ал негізгі спикерлер қатарында Дрю Гафф (Siguler Guff), Тимур Акажанов (B Capital) және Робин Батлер (Sturgeon Capital) сөз сөйледі Қатысушылар Орталық Азияның Шығыс пен Батыстың инвестициялық мүдделері тоғысатын нүкте ретінде қалыптасуын, өңірдегі цифрлық инфрақұрылымның даму қарқынын, жүргізіліп жатқан реформаларды және жоғары инвестициялық әлеуетті атап өтті.
Tansar Capital Investors Annual Meeting 2025 компанияның жаһандық инвесторлар үшін сенімді серіктес ретіндегі мәртебесін растап, жаңа инвестициялық бағыттар мен серіктестіктерге жол ашты.

- Tansar Capital пен Altbridge бірлесіп әзірлеген Global Markets қоры;
- Balyasny Asset Management ұсынған көпстратегиялы хедж-қор;
- Hamilton Lane компаниясының Global Private Assets (GPA) қоры;
- Blackstone компаниясының инфляциядан қорғауға бағытталған BREIT стратегиясы;
- Allianz Global Investors ұсынған жоғары өтімді Allianz Working Capital Fund (ALWOCA).