Пресс-орталық

"Global Markets" ЖПИҚ пайларын ұстаушылардың назарына

Құрметті клиенттер!



"Global Markets" жабық пайлық инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) басқарушы компаниясы болып табылатын "Tansar Capital" АҚ (бұдан әрі – Басқарушы компания) мынаны хабарлайды.


Қордың ережелеріне сәйкес "Global Markets" ЖПИҚ пайларын сатып алу жылына екі рет: 25 қаңтар және 25 шілдеде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, қордың пайларын сатып алуға өтінімдер 2024 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде қабылданатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Пайларды сатып алу 2024 жылғы 25 шілдеде жүргізіледі.

Пайларды сатып алуға өтінім беру үшін сізге кеңсеге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен келу қажет.

Біздің кеңсенің жұмыс режимі: Дс-Жм 09.00 - ден 18.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша)

Сіздің операцияларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.
2024-06-19 18:08