Клиенттердің анкеталық деректерін жаңарту және өзектендіру туралы хабарлама
Құрметті клиент!
«Tansar Capital» АҚ Сізге Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау және көрсетілетін қызметтердің үздіксіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында анкеталық деректеріңізді өзектендіру қажеттігін хабарлайды.
Жеке тұлғаларға брокерлік және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы Типтік шарттың 5.1.9-тармағына сәйкес, Клиент өз анкеталық деректерінде өзгерістер болған жағдайда ол туралы Брокерге 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауы тиіс.
Анкеталық деректерге келесі ақпараттар жатады:
• жеке куәлік немесе өзге де жеке басын куәландыратын құжаттар деректері;
• тіркеу және нақты тұратын мекенжай;
• байланыс нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайы;
• сондай-ақ, клиентке қызмет көрсетуге әсер етуі мүмкін өзге де мәліметтер.
Деректеріңізді өзектендіру үшін Брокердің белгіленген нысаны бойынша дербес шот реквизиттерін өзгерту туралы өтінішті Компанияға жолдауыңыз қажет.
Өтініш нысанын СізБрокер менеджерінен немесе middle@tansarcapital.kz электрондық поштасына сұрау жіберу арқылы ала аласыз.
Анкеталық деректеріңізді уақытылы жаңартуыңызды өтінеміз. Бұл өз кезегінде операцияларды орындау кезінде туындауы мүмкін шектеулердің алдын алуға көмектеседі.
Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз!
Байланыс үшін:
тел.: +7 771 705 07 32/31
e-mail: middle@tansarcapital.kz