Пресс-орталық

"Global Markets" ЖПИҚ пайларын ұстаушылардың назарына

Құрметті клиенттер!

«Tansar Capital» АҚ (бұдан әрі – Басқарушы компания), «Global Markets» Жабық пайлық инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) Басқарушы компаниясы, Қор пай ұстаушыларының Жалпы жиналысын өткізетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың өтетін орны: 050059, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 19/1, «Нұрлы Тау» Бизнес орталығы, 3Б блок, 7-қабат.

Күні мен уақыты: 2024 жылғы «23» желтоқсан, сағат 15:00.

Тіркеу уақыты:
  • Басталуы: сағат 14:00.
  • Аяқталуы: сағат 14:59.

Жиналысқа қатысу құқығы бар пай ұстаушылардың тізімі бекітілетін күн: 2024 жылғы «20» желтоқсан (Бағалы қағаздар ұстаушылар тізіліміне сәйкес).

Күн тәртібі:
«Global Markets» Жабық Пайлық Инвестициялық Қорының Ережелеріне ұсынылған редакция бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу.