«Tansar Capital» АҚ (бұдан әрі – Басқарушы компания), «Global Markets» Жабық пайлық инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) Басқарушы компаниясы, Қор пай ұстаушыларының Жалпы жиналысын өткізетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың өтетін орны: 050059, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 19/1, «Нұрлы Тау» Бизнес орталығы, 3Б блок, 7-қабат.
Күні мен уақыты: 2024 жылғы «23» желтоқсан, сағат 15:00.
Тіркеу уақыты:
Басталуы: сағат 14:00.
Аяқталуы: сағат 14:59.
Жиналысқа қатысу құқығы бар пай ұстаушылардың тізімі бекітілетін күн: 2024 жылғы «20» желтоқсан (Бағалы қағаздар ұстаушылар тізіліміне сәйкес).
Күн тәртібі: «Global Markets» Жабық Пайлық Инвестициялық Қорының Ережелеріне ұсынылған редакция бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу.