Пресс-орталық

«Tansar Capital» АҚ зейнетақы активтерін басқару жұмысын бастайды

Құрметті клиенттер!

«БЖЗҚ» АҚ мен «Tansar Capital» АҚ арасында зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалғанын хабарлаймыз. Кастодиан-банк ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ айқындалды.

«Tansar Capital» АҚ-тың зейнетақы активтерін басқарғаны үшін комиссиялық сыйақысының мөлшері 6%-ды құрайды.

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға беру үшін салымшы «БЖЗҚ» АҚ-ға инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтініш беруі қажет. Өтінішті «БЖЗҚ» АҚ-тың www.enpf.kz ресми сайтындағы жеке кабинет арқылы не «БЖЗҚ» АҚ-тың кез келген өңірлік бөлімшесіне жеке жүгіну арқылы беруге болады.

«Tansar Capital» АҚ-тың зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі инвестициялық декларация


2026-03-12 18:22