Пресс-орталық

"EURO FINANCE" ТИЖПИҚ пайларын ұстаушылардың назарына

Құрметті клиенттер!

"Euro FINANCE" тәуекелдік инвестициялау жабық пайлық инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) басқарушы компаниясы болып табылатын "TANSAR CAPITAL" АҚ (бұдан әрі – Басқарушы компания) мынаны хабарлайды.

Қордың ережелеріне сәйкес "EURO FINANCE" ТИЖПИҚ пайларын сатып алу жылына екі рет: 15 қаңтар және 15 Шілдеде жүзеге асырылады. Осыған байланысты, қордың пайларын сатып алуға өтінімдер 2024 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде қабылданатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Қордың қағидаларына сәйкес (8.2-тармақтың 8.2.1-тармақшасы): сатып алу күндері Қазақстан Республикасының демалыс немесе мереке күндерімен сәйкес келген кезде басқарушы компания пайларды сатып алуды келесі жұмыс күні жүзеге асырады.

Пайларды сатып алу 2024 жылғы 15 Шілдеде жүргізіледі.

Пайларды сатып алуға өтінім беру үшін сізге кеңсеге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен келу қажет.

Біздің кеңсенің жұмыс режимі: Дс-Жм 09.00 - ден 18.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша)

Сіздің операцияларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.
2024-06-19 18:08