Пресс-орталық

"Global Markets" ЖПИҚ пайларын ұстаушылардың назарына

Құрметті клиенттер!
«Tansar Capital» АҚ (бұдан әрі – Басқарушы компания), «Global Markets» Жабық пайлық инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) Басқарушы компаниясы, Қор пай ұстаушыларының Қайта өткізілетін жалпы жиналыс туралы хабарлайды.

Жиналыстың өтетін орны: 050059, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 19/1, «Нұрлы Тау» Бизнес орталығы, 3Б блок, 7-қабат.

Күні мен уақыты: 2025 жылғы «08» қаңтар, сағат 15:00.

Тіркеу уақыты:
Басталуы: сағат 14:00.
Аяқталуы: сағат 14:59.

Жиналысқа қатысу құқығы бар пай ұстаушылардың тізімі бекітілетін күн: 2025 жылғы «07» қаңтар (Бағалы қағаздар ұстаушылар тізіліміне сәйкес).

Күн тәртібі:
«Global Markets» Жабық Пайлық Инвестициялық Қорының Ережелеріне ұсынылған редакция бойынша өзгерістер мен толықтыруларды енгізу.
2024-12-24 10:00