Пресс-орталық

"Tansar Capital" АҚ клиенттерінің назарына

Құрметті клиенттер!

«Tansar Capital» АҚ қызметкерлері ретінде өздерін заңсыз таныстыратын және Брокердің атынан азаматтарға хабарласатын үшінші тұлғалардың алаяқтық жағдайлары жиілегеніне назарларыңызды аударамыз.

«Tansar Capital» АҚ осымен ресми түрде мәлімдейді және ескертеді:

Біз жеке тұлғалардың жеке банк карталарына, электрондық немесе крипто әмияндарға төлемдерді ешқашан қабылдамаймыз. Барлық есеп айырысулар тек компанияның ресми банк шоттары арқылы жүргізіледі. Брокер инвестициялардан 100% табысқа кепілдік бермейді және «тез табыс табудың бірегей схемаларын» ұсынбайды. Сондай-ақ біз Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын шығарумен, қолма-қол ақшаға айналдырумен немесе мерзімінен бұрын алумен айналыспаймыз.

«Tansar Capital» АҚ зейнетақы активтерін БЖЗҚ-мен жасалған шарт және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде ғана сенімгерлік басқарады. Үшінші тұлғалардың ең төменгі жеткіліктілік шегін ескермей немесе ресми рәсімдерді айналып өтіп, біздің компания арқылы «зейнетақы жинақтарын шығарып беру» туралы кез келген ұсыныстары алаяқтық болып табылады. «Tansar Capital» АҚ зейнетақы жинақтарын азаматтардан тікелей қабылдамайды.

Біздің компанияны өз портфеліңізді басқарушы (инвестициялық портфельді басқарушы, ИПБ) ретінде «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми интернет-ресурсы арқылы, сондай-ақ invest.enpf.kz мамандандырылған платформасында таңдай аласыздар. Зейнетақы жинақтарын аудару тәртібі, шарттары және мәртебесі бойынша БЖЗҚ-ның уәкілетті тұлғаларына байланыс орталығының 1418 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау тегін) немесе қордың enpf.kz ресми сайты арқылы хабарласуды ұсынамыз.

Қауіпсіздік мақсатында белгісіз тұлғалардан келген кез келген қоңыраулар мен хабарламаларға аса сақтықпен қарауларыңызды сұраймыз. Логиндерді, құпиясөздерді, SMS-хабарламалардағы OTP-кодтарды, төлем карталарының деректерін және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіздер.

«Tansar Capital» АҚ клиенттерден шоттарға қолжетімділік алуға мүмкіндік беретін деректерді сұрамайды және клиенттердің өз құпия деректерін немесе ақша қаражатын үшінші тұлғаларға өз еркімен бергені салдарынан туындаған шығындар үшін жауап бермейді.

Ақша қаражатын немесе бағалы қағаздарды аударуға байланысты кез келген өкімдерді орындамас бұрын, сіз тікелей Брокермен өзара әрекеттесіп отырғаныңызға міндетті түрде көз жеткізіңіз. Күмән туындаған жағдайда «Tansar Capital» АҚ сайтында көрсетілген ресми байланыс деректері бойынша бізге хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сақ болыңыздар және активтеріңізді қорғау үшін сақтық шараларын сақтаңыздар.

Құрметпен,

«Tansar Capital» АҚ
2026-10-06 16:18