Пресс-орталық

"Tansar Capital"АҚ клиенттерінің назарына

Құрметті клиенттер!

«Tansar Capital» АҚ соңғы уақытта қаржылық алаяқтық әрекеттерінің жиілегені туралы ескертеді. Алаяқтар компания атынан әрекет етіп, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, мобильді қосымшалар мен бейне платформалар арқылы «кепілдендірілген табысы бар инвестициялық жобаларды» ұсынуда. Бұл әрекеттер барысында олар танымал тұлғалардың суреттері мен видеоларын, жалған құжаттар мен логотиптерді, сондай-ақ нақты компаниялардың фирмалық стильдерін пайдаланады.

Мұндай алаяқтық схемалар мыналармен сипатталады:

• жеке деректерді жинау мақсатында сауалнамалар тарату,

• бөгде тұлғалар тарапынан қоңыраулар шалынып, өзін компания қызметкері ретінде таныстыру,

• ақшалай қаражатты белгісіз банктік шоттар мен үшінші тұлғалардың карталарына аударуды ұсыну.

Назар аударыңыз:

«Tansar Capital» АҚ ешқашан:

• инвестициялар бойынша кірістілікке кепілдік бермейді,

• үшінші тұлғалардың шоттарына қаражат аударуды сұрамайды,

• агрессивті жарнама немесе маркетинг құралдарын қолданбайды.

Компанияның барлық ресми хабарламалары тек келесі ресми арналары арқылы жүзеге асырылады:

• ресми сайт: https://tansarcapital.kz/

• ресми әлеуметтік желілердегі парақшалар,

• корпоративтік электронды мекенжайлардан жіберілетін хаттар мен push-хабарламалар,

• клиенттің келісімімен жіберілетін SMS-хабарламалар.

Алаяқтық белгілерін қалай тануға болады:

• сайттың мекенжайы ресми сайттан ерекшеленеді (мысалы, .org, .site және т.б.),

• сайтта қауіпсіздік сертификаты (SSL) жоқ (мекенжай жолының жанында құлып белгісі болмайды),

• байланыс тек мессенджерлер арқылы жүзеге асады, ресми тілдерде сөйлемейді,

• жылдам және жоғары табыс ұсынып, жеке ақпаратты сұратады.

Егер сіз сайттың немесе қызметкердің заңдылығына күмәндансаңыз — ресми сайтта көрсетілген байланыс деректері арқылы бізге хабарласуыңызды сұраймыз.

Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мақсатында Fingramota.kz қаржылық сауаттылық порталының материалдарымен танысуыңызды ұсынамыз.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз — ҚР Ішкі істер органдарына жүгінуіңізді сұраймыз.

Өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз!