"Tansar Capital" АҚ-ның IV Халықаралық эндаументтер форумына қатысуы
2024 жылғы 1 қазанда "Tansar Capital" Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Эндаумент қорларын басқарудағы цифрландыру және технологиялық инновациялар» тақырыбында дәстүрлі IV Халықаралық эндаумент форумның демеушісі болды.
Форумның мақсаты – эндаументтермен жұмыс тәжірибесі бар отандық және шетелдік мамандарды жинап, олардың қорларын басқарудағы цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізу мәселелерін талқылау болды. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік университеттер (Миннесота университеті, Мичиган университеті, Измир Катип Челеби университеті, МГИМО), сондай-ақ елдің жетекші университеттері мен эндаументтері қатысты, тәжірибе алмасып, келешегі зор идеяларды талқылады.
Форум барысында "Tansar Capital" директорлар кеңесінің төрағасы Есжан Біртанов шабыттандыратын сөз сөйлеп, эндаумент-фондтардың университеттердің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ерекше рөлін және олардың Қазақстанның болашағына қосатын үлесін атап өтті. Эндаументтер тек қаржылық құрылымдар ғана емес, олар лайықты инвестициялар арқылы тұрақты даму мен өркендеуге жол ашатын тірі, динамикалық механизмдер болып табылады. Өз сөзінде ол университеттердің эндаумент-фондтары шетелдік капиталды тартудың және Қазақстанда жаңа инвестициялық парадигманы қалыптастырудың қозғалтқышына айнала алатынын баса айтты.
“Tansar Capital” эндаументтік қорлармен ерекше қарым-қатынасты олардың ұзақ мерзімді инвестициялық мақсаттарын, қолданатын құралдарын және ұстанатын тәсілдерін терең түсінуге негізделе отырып дамытады. Институционалдық инвесторлармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибеге ие Tansar Capital ұсынатын шешімдер олардың күткен нәтижелерін ғана емес, сонымен бірге одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Tansar Capital" эндаумент-фондтарды тек қаржылық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік өркендеуге бірге қадам басатын сенімді серіктес ретінде қарастырады. Біз эндаументтерді университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және инвестицияларды тартудың ең маңызды құралы ретінде көреміз. Қазақстан Президентінің Жолдауында эндаумент-фондтар білім беру экожүйесінің маңызды бөлігі ретінде танылып, алдағы заң жобасы олардың дамуына айтарлықтай қадам болатыны атап өтілді. "Tansar Capital"-дың осы форумға қатысуы біздің Қазақстандағы эндаумент-фондтардың дамуына белсенді қолдауымызды және көмегімізді көрсетеді.