Брокерлiк қызметтер

Басты бетБрокерлiк қызметтер
«TANSAR CAPITAL» АҚ бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда операциялары бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынады.

Біз клиенттерімізге қазақстандық және халықаралық қор биржаларына қолжетімділік, клиенттерге жеке кеңес беру және бағалы қағаздармен жұмыс істеудің әрбір кезеңінде сүйемелдеу қызметтерін ұсынамыз.

Бағалы қағаздарды сатып алу және сату

«TANSAR CAPITAL» АҚ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы болып табылады және өз клиенттеріне акциялар, облигациялар, ETF-қорлар, пайлар және басқалар сияқты бағалы қағаздар мен қаржы құралдарының әртүрлі түрлеріне инвестициялау мүмкіндігін береді, сондай-ақ өз клиенттеріне KASE (Қазақстан қор биржасы), AIX (Astana International Exchange), LSE (London Stock Exchange), NYSE (New York Stock Exchange) және басқа биржаларда сауда-саттыққа рұқсат береді.

IPO

«TANSAR CAPITAL» АҚ инвесторларға IPO-да – от андық және халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарын бастапқы жария орналастыру кезінде бағалы қағаздарды сатып алуға көмектеседі. Біздің клиенттеріміз «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында өткізілген: «ҚазТрансОйл» АҚ, KEGOC АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ орналастыруларға сәтті қатысты.

Шетел валютасын сатып алу және сату

«TANSAR CAPITAL» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шетел валютасымен банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясына ие. Бүгін біз айырбастау қаржылық операцияларын қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізудеміз.

Маркет-мейкер

«TANSAR CAPITAL» АҚ екі жақты баға белгілеуді, бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға өтінімдерді беру және бір мезгілде қолдау бойынша міндеттемелер қабылдау жолымен сұраныс пен ұсыныстың бағасын, биржадағы бағалы қағаздар бойынша сауда-саттық көлемін қолдау бойынша қызметтер көрсетеді.

Интернет-трейдинг

Сауда платформасы біздің клиенттерге бағалы қағаздармен және басқа да қаржы құралдарымен онлайн режимде операциялар жасауға мүмкіндік береді.

Тарифтер

Біз Қазақстанның қор және валюта нарықтарында комиссия мөлшерлемесі төмен тиімді тарифтерді ұсынамыз. Тарифтермен біз қоса берген құжаттарда толығырақ таныса аласыз

Сұрақтар мен жауаптар – біздің қызметтеріміз туралы көбірек біліңіз, біз Сіз үшін жұмыс істейміз.

Қалай клиент атанып, шот ашуға болады?

«TANSAR CAPITAL» АҚ клиенті атану үшін бізге кеңсеге хабарласып, қажетті құжаттарды толтыру қажет.

  • Бағалы қағаздарға брокерлік қызмет көрсету және номиналды ұстау жөнінде қызметтер көрсетуге шарт жасасу
  • Сауалнаманы толтыру
  • Жеке тұлға үшін жеке куәліктің көшірмесін ұсыну және қол қою үлгілері бар құжатты толтыру
  • Жеке шотты ашуға бұйрықты толтыру
  • Клиенттік шотқа мынадай банктік деректемелер бойынша валютамен және теңгемен ақша аудару

Алушы: «TANSAR CAPITAL» АҚ
БСН 950740000547
ЖСК KZ037660000253161201 (клиенттік) KZT
БСК CEDUKZKA
Банк: «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ
Кбе 15
Төлемнің тағайындалуында мыналарды көрсету:
Брокерлік шотты толықтыру, клиенттің аты-жөні, шарттың нөмірі __.__.20__ ж. №___, қосалқы шоттың нөмірі №10253_____.

Сіз қандай нарықтарға кіруге рұқсат бересіз?

Біздің Компания барлық қор нарықтарына, оның ішінде KASE (Қазақстан қор нарығы), валюта нарығына, AIX (Astana International Exchange), NYSE, NASDAQ, LSE және т.б. халықаралық нарықтарға қолжетімділікті ұсынады.

Мәмілелерді орындауға және есеп алуға өтінімдер беру қалай жүреді?

Клиенттік тапсырыстар сіз үшін кез келген ыңғайлы тәсілмен тікелей Компанияның кеңсесінде телефон байланысы арқылы, электрондық поштаға e-mail хатпен (сканерленген нұсқасы), WhatsApp-пен кейіннен түпнұсқаны Компанияның кеңсесіне 30 күнтізбелік күн ішінде бере алады. Хабарламалар мен есептерді беру брокерлік шартта көрсетілген әдіс бойынша жүргізілетін болады.

Портфелімнің жай-күйін қалай біле аламын?

Өз портфеліңізді «Жеке кабинет» бетінде (қазіргі таңда бет пысықталуда) немесе Клиенттерге қызмет көрсету Департаментіне +7 (727) 311-01-38 телефоны бойынша хабарласу арқылы көре аласыз.

Менде қандай комиссиялық шығындар болады?

Брокерлік қызмет көрсету тарифтерімен Компанияның сайтынан танысуға болады.

Мен өз бос ақшамды банктегі есеп айырысу шотыма қалай ала аламын?

Брокерлік шоттан ақша қаражатын аудару үшін сіз бізге ақша аударуға толтырылған және қол қойылған өкімді ұсынуыңыз қажет және осы өкімді алған күні ақшаңыз өкімде көрсетілген деректемелер бойынша аударылатын болады.

Өз сұрағыңызды қойыңыз
Инвестициялағыңыз келеді, бірақ сұрақтарыңыз бар ма?

Біздің мамандардан тегін кеңес алыңыз

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

 
Задать вопрос
Получите консультацию

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Заявка на открытие брокерского счета

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.