Қор нарығында инвестицияларды жүзеге асыру және мәмілелер жасау үшін TANSAR CAPITAL-да брокерлік шот ашу қажет. Биржада жасалатын барлық мәмілелер брокерлік шот болған кезде ғана жасалады. Шотты ашу үшін сіз бізбен брокерлік қызмет көрсету және бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызметтер көрсетуге Шарт жасасуыңыз, сондай-ақ мынадай әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  • TANSAR CAPITAL кеңсесінде сауалнаманы толтыру
  • Жеке шотты ашуға бұйрықты толтыру
  • Банктік деректемелер бойынша клиенттік шотты толықтыру:

Алушы: «TANSAR CAPITAL» АҚ
БСН 950740000547
ЖСК KZ037660000253161201
БСК CEDUKZKA
Банк «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, Кбе 15

  • Мәмілені жүргізуге клиенттік тапсырыс беру.

ҚР резиденттері мен бейрезиденттері үшін шот ашуға арналған құжаттардың тізбесі

Жеке тұлға, ҚР резиденті

  • Жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік немесе ҚР паспорты), түпнұсқасы
  • Шот ашуға бұйрық, түпнұсқасы (брокер нысаны бойынша)
  • Клиенттің сауалнамасы, түпнұсқасы (брокер нысаны бойынша)
  • Қол қою үлгілері бар құжат (оның ішінде жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға және ақпараттық операцияларға қол қоюға құқығы бар жеке тұлға өкілдерінің (құжаттарды кеңседен тыс жерлерде баламалы байланыс түрлерімен берген кезде). Нотариалды куәландырылған түпнұсқасы
  • Банктік шоттың болуы туралы банктік үзінді көшірме, түпнұсқасы (бар болса)

Жеке тұлға, ҚР бейрезиденті 

  • Шот ашуға бұйрық, түпнұсқасы (брокер нысаны бойынша)
  • Нотариалды куәландырылған көшірмесі және орыс және (немесе) мемлекеттік тілдерге нотариалды куәландырылған аудармасы қоса берілген шетел азаматының паспорты.
  • ЖСН беру туралы куәлік, көшірмесі (бар болса)
  • Жеке тұлғаның сауалнамасы, түпнұсқасы (брокер нысаны бойынша)
  • Қол қою үлгілері бар құжат (оның ішінде жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға және ақпараттық операцияларға қол қоюға құқығы бар жеке тұлға өкілдерінің (құжаттарды кеңседен тыс жерлерде баламалы байланыс түрлерімен берген кезде). Нотариалды куәландырылған түпнұсқасы
  • Жеке тұлғаның банктік шотының болуы туралы банктік үзінді көшірме, көшірмесі (бар болса)

Егер жеке шотты ашуды ақшамен және өзге де мүлікпен операциялар жасауға жеке тұлғаның құжаттарына қол қоюға уәкілетті уәкілетті тұлға берген сенімхат негізінде жүзеге асырған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхатты және уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

 Заңды тұлға, ҚР резиденті

  • Шот ашуға бұйрық, түпнұсқа (брокер нысаны бойынша)
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлік, заңды тұлға куәландырған және мөр бедерімен расталған көшірмесі
  • Заңды тұлғаның жарғысы, заңды тұлға куәландырған және мөр бедерімен расталған көшірмесі
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы хаттама/шешім, заңды тұлға куәландырған және мөр бедерімен расталған көшірмесі
  • Заңды тұлғаның ақшамен және өзге мүлікпен операциялар жасауға арналған құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар. Клиент - заңды тұлға куәландырған және мөр бедерімен расталған көшірмесі.
  • Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында талапқа сәйкес заңды тұлғаларға арналған клиент сауалнамасы
  • Қол қою үлгілері бар құжат (оның ішінде жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға және заңды тұлғаның мөр бедеріне қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің)
  • Заңды тұлғаның банктік шотының болуы туралы банктік үзінді көшірме (банктік деректемелер)
  • Заңды тұлға акционерлерінің/қатысушыларының тізілімі 10% (егер шаруашылық серіктестіктеріне қатысушылардың тізілімін бірыңғай тіркеуші жүргізсе) Брокерге құжаттарды ұсыну күніне күнтізбелік 30 күннен аспайды
  • Заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттар.

Заңды тұлға, ҚР бейрезиденті 

  • Жеке шотты ашуға бұйрық
  • Сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе резидент еместің уәкілетті органы берген заңды тұлғаны тіркеу туралы куәландыратын құжат
  • Құрылтай меморандумы және Жарғы;
  • Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
  • Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.
  • Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында заңды тұлғаларға арналған клиент сауалнамасы
  • Қол қою үлгілері бар құжат (оның ішінде жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға және заңды тұлғаның мөр бедеріне қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің)
  • Заңды тұлғаның банктік шотының болуы туралы банктік үзінді көшірме (банктік деректемелер)
  • Брокерлік шарт жасайтын және өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлғаның өкіліне қатысты берілген сенімхат немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі.
  • Сенімхатқа заңды тұлғаның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға арналған құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар қоса беріледі.

Қосымша ақпарат

Клиенттерге қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерге қатысты ҚР заңнамасында белгіленген шектеулер мен ерекше жағдайлар туралы хабарлау

Клиенттерге қор нарығында қаржы құралдарымен операциялар жасау кезінде туындайтын тәуекелдер туралы хабарлау

Клиенттерге мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі туралы хабарлау

 
Задать вопрос
Получите консультацию

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Заявка на открытие брокерского счета

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.