TANSAR CAPITAL үшін маңызды күндер

1995 жылғы 12 шілде
CAIFC құрылуы. ҚР Қаржы министрлігі Жабық түрдегі акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы № 58685 куәлік берді.
Екі аптадан кейін CAIFC Орталық Азия қор биржасының алғашқы мүшелерінің бірі болды.
 
1996 жылғы 26 қаңтар
Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға ҚР бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының бірінші санаттағы № 20030039 лицензиясын алу.
 
1996 жылғы 5 желтоқсан
CAIFC Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасының мүшесі болды.

1997 жылғы 1 қыркүйек
CAIFC Қазақстан Қор Биржасының акционері болды.

2004 жылғы 1 қараша
CAIFC ҚҚА ЗТБ мүшесі атанды.
 

2006 жылғы 12 қыркүйек
ҚР ҚҚА (Қаржылық қадағалау агенттігі) «CAIFC - Акциялар қоры» жабық инвестициялық пай қорының пайларын шығаруды тіркеді.
 

2007 жылғы 21 мамыр
«Дарабоз» қайырымдылық қоры» Корпоративтік қоры құрылды.
 

2007 жылғы 19 қазан
CAIFC АӨҚО (Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы) қатысушысы атанды.
 

2008 жылғы 17 қаңтар
CAIFC «А» санаты бойынша биржаға мүше болды (АӨҚО АСА-да айналатын барлық қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысу құқығымен).
 

2009 жылғы 30 маусым
АӨҚО № 4 Рейтинг комитеті CAIFC-ке KZ CG3 корпоративтік басқару рейтингін берді (болжам позитивті).
 

2009 жылғы 27 қазан 
CAIFC «Білім беруді қолдағаны үшін» номинациясы бойынша «Алтын Жүрек» Ұлттық қоғамдық сыйлығының Дипломымен марапатталды.
 

2011 жылғы 18 қараша
CAIFC ресми атауы «CAIFC INVESTMENT GROUP» АҚ болып өзгертілді және мемлекеттік тіркеу туралы № 59-1910-01-АҚ куәлігін алды.
 

2012 жылғы 25 желтоқсан
CAIFC «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларын сатып алу бойынша «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде клиенттерді тарту бойынша белсенді қатысты.

2014 жылғы 03 шілде 
ҚР заңнамасындағы өзгерістерге байланысты бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға 03.07.14 жылғы № 4.1.1.110/49 лицензия ауыстырылды:

  • Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен БҚ нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет;
  • Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет, оның ішіндегі қызметтің кіші түрі: ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет

2014 жылғы 18 желтоқсан
CAIFC «KEGOC» АҚ-ның жай акцияларын сатып алу бойынша «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде клиенттерді тарту бойынша табысты қатысты.
 

2018 жылғы 25 қыркүйек
CAIFC «Астана»халықаралық  қаржы орталығының (АХҚО) қаржылық реттегіші аккредиттеуінен (AFSA) өтті және Astana International Exchange (AIX) биржасының мүшесі атанды.
 

2018 жылғы 13 қараша
CAIFC «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның қарапайым акцияларын сатып алу бойынша IPO бағдарламасы шеңберінде клиенттерді тарту бойынша табысты қатысты
 

2018 жылғы 26 желтоқсан
CAIFC келесі банк операцияларын жүргізуге: қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға 26.12.2018 жылғы № 4.3.10 лицензия алды
 

2019 жылғы 29 қаңтар 
Компания «валюталық» санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды. «CAIFC INVESTMENT GROUP» АҚ «валюталық» санаты бойынша KASE-ге мүше болған алғашқы брокерлік ұйым болды.
 

2019 жылғы 13 ақпан 
CAIFC Қазақстан қор биржасындағы шетел валютасымен сауда-саттыққа қатысқан нарықтағы алғашқы брокерлік компания болды.
 

2020 жылғы 04 ақпан 
ҚР заңнамасындағы өзгерістерге байланысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келесі банк операцияларын жүргізуге: қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға 04.02.2020 жылғы № 4.3.10 лицензиясын ауыстырды.
 

2022 жылғы 21 қазан
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының  13.10.2022 жылғы шешімі, сондай-ақ Қоғамның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту негізінде 21.10.2022 жылы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуге байланысты «CAIFC INVESTMENT GROUP» АҚ «Tansar Capital» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.

 
Задать вопрос
Получите консультацию

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Заявка на открытие брокерского счета

Түймешікті баса отырып, Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.